Әлем

Еуропа одағы 1 шілдеден бірқатар ел үшін шекарасын ашты: Қазақстан тізімде жоқ

Еуропа одағы 1 шілдеден бастап эпидемиологиялық жағдайы жақсарған елдер үшін өз шекарасын аша бастады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Еуропа одағы коронавируспен күресудің бұрын-соңды болмаған шараларын қабылдап, 17 наурыздан бастап үшінші елдермен шекарасын жауып тастаған еді.

Осы уақыт аралығында одаққа мүше ірі мемлекеттер инфекциямен күресті, ондаған мың адам қайтыс болды.

Індеттің шарықтау шегінен өткен Еуропа одағы 1 шілдеден бастап эпидемиологиялық жағдайы жақсарған елдер үшін шекарасын аша бастады.

Тізімге Алжир, Австралия, Канада, Грузия, Жапония, Черногория, Марокко, Руанда, Сербия, Оңтүстік Корея, Таиланд, Тунис, Уругвай мен Жаңа Зеландия кірген. Қытай Еуропа одағының азаматтарын елге кіргізетін болса, оларға да шекара ашық.

Оқи отырыңыз: Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе қатынасы жанданады

Ал Қазақстан бұл тізімге енгізілмеген.