НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Қытай тұмаудың жаңа штаммының таралуының алдын алуға бағытталған шараларды қолға алатынын хабарлады. Бұл туралы Қытай сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Чжао Лицзян мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
"Қытай жағдайды мұқият бақылап отыр. Біз вирустың алдын алуға бағытталған шараларды қолға аламыз", - деді Чжао Лицзянь.
Бұған дейін қытай ғалымдары шошқа тұмауының G4 жаңа штаммын анықтады. Ол 2019 жылы эпидемияға себеп болған H1N1-мен генетикалық байланысты.
Зерттеу Proceedings of the National Academy of Sciences журналында жарияланған.
Жаңа штаммның жануарлардан адамдарға жұғатыны және жаңа пандемияға себеп болуы мүмкін екені айтылды. Вирустың адамның адамға жұғатыны әлі дәлелденген жоқ.
Зерттеу 2011-2018 жылдар аралығында Қытайдың 10 провинциясындағы шошқа өсіру фермалар мен ветеринарлық клиникаларда жүргізілген.
Тұрғындарды серологиялық зерттеудің арқасында ғалымдар шошқа өсіру фермалары қызметкерлерінің 10,4%-нде G4 EA H1N1 вирусына антиденелері бар екені анықталды. 338 қызметкердің 35-інде табылды.
Антиденелер 18-35 жас аралығындағы қызметкерлерде анықталды.