Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.
2 шілдеге жоспарланған шаралар
11.00 - Коронавирустан емдеу ақысын төлеу тарифіне арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Трансляцияны Орталық коммуникациялар қызметінің Youtube каналы мен Facebook парақшасынан көруге болады. Спикер: денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов.
4 шілдеге жоспарланған шаралар
11.00 – Мемлекеттік туды көтеру салтанатты рәсімі өтеді. Сондай-ақ, курсанттарға офицерлік атақ беріледі. Жиынға Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады ("Атамекен" этно-мемориалдық кешені). Аккредитация: press@astana.kz).
5 шілдеге жоспарланған шаралар
19.00 – Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама ("Нұрлы жол" бульвары).
6 шілдеге жоспарланған шаралар
18.00 – Астана күніне орай "Абай" операсы көрсетіледі. Басты партияны Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Астана Опера" театрының жетекші солисі Талғат Мұсабаев орындайды. Трансляция театрдың Youtube-каналында болады.
Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.