Ал денсаулық сақтау министрлігі үш сценарийді қарастырып отыр. Соның ішінде екі және төрт апталық қатаң карантин бар. Sputnik Қазақстан тілшісі осы мәселеге қатысты астаналықтардың пікірін сұрап білді.
Халық арасында қатаң карантинге қатысты сан алуан пікір бар. Біреулер төрт апталық қатаң шектеулер керек десе, енді біреулер жұмыс істеп жүргенді қалайды.
"Жұмыс істеген жақсы емес пе? Қатаң карантиннің не керегі бар? Жұмыс керек қой. Халық қысылып жатыр", - дейді елордалық тұрғынның бірі.
Әуелгі қатаң карантиннен кейін босаңсып кеткенімізді мойындайтындар да бар.
"Иә, керек деп ойлаймын, өйткені қазір бәріміз босаңсып кеттік. Сондықтан төрт апталық қатаң карантин қажет. Өйткені сенбейтіндер бар, түсінбейтіндері де бар", - дейді енді бірі.
Қатаң карантиннен еш пайда жоқ деп ойлайтын адамдар да табылды.
"Меніңше, айырмашылық жоқ. Өйткені алдында бір рет карантин болды, сонда қатты өзгеріс болмады. Керісінше, вирус жұқтырғандардың саны көбейіп кетті. Бұған дейін енгізді, бірақ нәтижесі көрінбейді", - дейді тағы бірі.
Енді біреулер қатаң айыппұл енгізу керек деп санайды. Сонда халық көп жүрмейді.
Үш сценарий
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша алдағы жағдайдың дамуына байланысты үш сценарийді ұсынды:
- Біріншісі – карантиннің жарияламау. Онда тамыздың аяғында күн сайын КВИ жұқтырған 27 мың адам тіркелетін болады. Олардың барлығын ауруханаға жатқызуға тура келеді. Сонда 300 мың инфекциялық және провизорлық орын қажет болады.
- Екіншісі – екіапталық қатаң карантин. Оны көктемдегідей республика бойынша енгізу керек. Сонда күн сайын 7 мың науқас тіркеледі. Ал тамыздың соңында ауруханаларда 80 мың орын жасақтау қажет.
- Үшінші сценарий – төрт апталық жалпыреспубликалық карантин. Соның нәтижесінде тамыздың аяғына қарай күн сайын 2 500 адамды ауруханаға жатқызады. Ал республика бойынша 30 мың орын қажет болады.