НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Қазақстандықтар қыркүйек айының ортасына дейін тіркеуден босатылады, деп хабарлады Ресейдегі Қазақстан елшілігі.
Ресей президенті Владимир Путин COVID-19 індетіне байланысты шетелдіктердің құқықтық мәртебесін реттеудің уақытша шаралары туралы жарлыққа қол қойды.
"15 наурыз-15 қыркүйек аралығында тіркеу мерзімі аяқталатын Қазақстан азаматтарына айыппұл салынбайды, депортацияланбайды", - деп жазылған елшіліктің сайтында.
15 қыркүйектен кейін Ресейде қалғысы келетін қазақстандықтар тіркеуден өтетін болады.
Айта кетсек, Қазақстанда төтенше жағдай кезінде мерзімі өткен құжаттар 10 шілдеге дейін жарамды болады.