Қоғам

Қазақстанда COVID-19 індетіне шалдыққан 40 мыңнан астам адам тіркелді

Денсаулық сақтау министрлігі бүгін таңертеңгі 8:00-де коронавирус инфекциясы бар пациенттер туралы тәуліктік мәліметтерді жарияламады, сондықтан деректер Ұлттық денсаулық сақтау ұлттық орталығының сайтынан алынды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19 індеті бар 489 пациент тіркелді, деп хабарлайды қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының сайты.

Ресми статистикаға сәйкес наурыздың ортасынан бері 22 308 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Ал маусым айынан бері 18 757 пациент ауру белгісі жоқ тасымалдаушылар ретінде теркеліп, жеке есеп жүргізіле бастады.

Дәрігерлердің айтуынша, асимптоматикалық деп аталатын адамдардың шамамен 3%-і ауырып, оларға пневмония диагнозы қойылған. Сондықтан әркім өз жағдайына байланысты дәрігерлерден арнайы кеңес алғаны жөн.

Айта кетейік, қазіргі кезде Қазақстанда COVID-19 белгісімен дерті күшейген 8 562 науқас бар. 188 адам қайтыс болып, 13 558 адам емделіп шықты.