Ржев шайқасы 1942 жылы 5 қаңтарда басталып, 1943 жылдың 21 наурызына дейін созылды. Ржевск қаласына 2007 жылы "Жауынгерлік даңқ қаласы" атағы берілді.
Путин мен Лукашенко Ржев түбінде Кеңес сарбазы мемориалын ашты
© Sputnik / Сергей Гунеев
/ Еске сала кетсек, 100-ші және 101-ші атқыш бригадасы Ақтөбе және Алматы қалаларында жасақталды. Олар Ржев шайқасындағы "Марс" операциясына қатысты. Шайқасқа 22 мың қазақстандық аттанды. Олардың біразы елге оралмады.
Путин мен Лукашенко Ржев түбінде Кеңес сарбазы мемориалын ашты
© Sputnik / Сергей Гунеев
/ Монументті салуға Ұлы Отан соғысының ардагерлері бастамашы болды. Ол толықтай адамдар жинаған қаражатқа салынған.
Ржев жауынгері - биіктігі 25 метр болатын мүсін. Ол қоладан жасалған. Мүсіннің салмағы - 80 тонна. Болат каркаспен қоса санағандағы салмағы 200 тонна. Монумент Ржевск шайқасы қатысушыларының суреті негізінде жасалған.