АЛМАТЫ, 30 маусым – Sputnik. Ресей коронавируспен күресуге көмектесу үшін Қазақстанға мамандар жібереді. Бұл жайында Қазақстан премьер-министінің ресми сайты хабарлады.
Үкімет басшылары әңгіме барысында CОVID-19-дың таралуына қарсы күрестегі бірлескен шараларға ерекше көңіл бөлген.
"Ресей тарапы Қазақстанға дәрі-дәрмек және шығын материалдарымен бірге тест жүйелері түрінде гуманитарлық көмек көрсетуге, сонымен қатар жұқпалы аурулар госпитальдары мен вирусологиялық зертханаларды ашу бойынша мамандарды Қазақстанға жіберуге дайын екенін білдірді", - делінген ақпаратта.
Сонымен қатар қос тарап сауда-экономикалық және көлік салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ ЕАЭО аясындағы өнеркәсіптік кооперация мен өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.
Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар саны 21 327 адамға жетті, 13 008 адам жазылып шықты, 188 адам қайтыс болды.