Қоғам

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандарды жерлеу тәртібі өзгерді

Бүгінгі күнге дейін елімізде шамамен 40 мыңға жуық адамның коронавирус індетіне шалдыққаны анықталды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым – Sputnik. Коронавирустан қайтыс болған адамдарды енді кез келген зиратқа жерлеуге болады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Коронавирустан қайтыс болғандарды жерлеудің қолданыстағы тәртібіне өзгерістер енгізілді. Санитарлық, эпидемиологиялық, гигиеналық талаптарды қатаң сақтай отырып, марқұмдарды кез келген зиратқа жерлеуге рұқсат етіледі", - деді министр онлайн брифингте.

Цой елде коронавирустың таралуы күн сайын өсіп жатқанын айтты.

Оқи отырыңыз: "Қоштасуға 30 минут беріледі": бас санитар індеттен көз жұмғандарды жерлеу туралы айтты

30 маусымындағы жағдай бойынша Қазақстанда шамамен 40 мыңға жуық адам індетке шалдыққан.