НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Ресейлік тележүргізуші, медицина ғылымдарының докторы Елена Малышева 87 жастағы анасының коронавирус инфекциясынан қалай сауығып шыққанын айтып берді.
"Жить здорово" бағдарламасы жүргізушісінің айтуынша, қарт анасы ауруанада бір айдан астам уақыт жатқан, оның екі аптасын жансақтау бөлімінде өткізген. Әйелдің коронавирустан бөлек көптеген ауруы, олардың арасында ауыр жүрек жеткіліксіздігі, гипертония, өкпе гипертензиясы, жүрек ырғағының бұзылуы, жүрегінде кінәрат болған.
Елена Малышева дәрігерлер анасын қандай дәрілік препараттармен емдегенін айтты. Олар: моноклональды антиденелер, дексаметазон және антикоагулянттар.
"Анам антикоагулянттарды – қанды сұйылтатын дәріні үнемі ішті. Бұлар коронавирустан құтқаратын басты препарат болып шықты. Ауруханада анамның таблетка түріндегі антикоагулянттарын уколға ауыстырды. Ол "Клексан" қабылдай бастады. Басқа да дәрілер болды, бірақ, анамның өмірін дәл осы антикоагулянттар құтқарды деп ойлаймын", - деді Малышева.
Тағы оқыңыз: Денсаулық cақтау басқармасы Қуандық Шамахайұлының қайтыс болғанын растады
Галина Морозова қазір өзін жақсы сезінетінін, бойынан әлсіздік кеткенін айтты. Ауруды жеңуге өмірге деген құштарлығы көмектескен.