НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Биыл қазақстандықтар шілде айында мереке күндерін қоса алғанда, барлығы 10 күн демалады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
6 шілдеде Астана күні аталып өтеді. Осы жылы бұл мейрам дүйсенбіге түсіп тұр. Сондықтан азаматтар сенбі-жексенбіні қосқанда, қатарынан үш күн демалады.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда жаңа мереке пайда болуы мүмкін
Мұсылман күнтізбесі бойынша аталып өтетін Құрбан айттың алғашқы күні демалыс болып саналады. Биыл діни мейрамның бірінші күні 31 шілдеге түсіп тұр.
Осылайша шілде айында қазақстандықтар 21 күн жұмыс істеп, 10 күн демалады.