Қоғам

Қазақстан хоккей федерациясының тұңғыш президенті қайтыс болды

Марқұм екі апта бойы пневмониямен ауырған, Қазақстан хоккей федерациясы оның отбасына көңіл айтты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik. Қазақстан хоккей федерациясының алғашқы президенті Анатолий Злотников 82 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Бұл туралы федерация хабарлады.

Анатолий Злотников Қазақстан Республикасының хоккей федерациясын 1992-1997 жылдар аралығында басқарды. Ол күрделі өтпелі кезеңде отандық хоккейдің қалыптасуына зор үлес қосты. Злотниковтың тікелей араласуымен қазақстандық хоккей алғаш рет халықаралық ынтымақтастықты дамыта бастады.

Екі мыңыншы жылдары ҚР шайбалы хоккей федерациясының төрешілер алқасының төрағасы және республикалық чемпионатты дамыту бойынша маман болды.

Федерацияның хабарлауынша, Анатолий Петрович екі апта бойы екіжақты пневмониямен күрескен.

Марқұмның әріптестері оның туған-туыстарына көңіл айтып, өкініш білдірді.