НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дүйсенбі күні коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөнінде кеңес өткізеді, деп мәлімдеді мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.
"Кеңесте мемлекет басшысы қазіргі ахуалға баға беріп, азаматтардың денсаулығын сақтаудың сапасын арттыруға бағытталған шараларды жариялайды", – деп жазды Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында.
Сондай-ақ, ол экономиканы қолдау және халықты әлеуметтік қорғау мәселесі де қаралады деп жоспарланып отырғанын атап өтті.
Оқи отырыңыз: Қазақстандағы коронавирус генетикалық жағынан өзгерді – маман пікірі
Кеңеске үкімет мүшелері, бірқатар ведомство басшылары, облыс әкімдері қатысады.