Қоғам

Қазақстанда тағы 8 адам коронавирустан көз жұмды

Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандар саны 166 адамға жетті. Барлығы 20 319 адам індет жұқтырды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым - Sputnik. Қазақстанда тағы 8 адам коронавирустан көз жұмды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Науқастардың барлығы Нұр-Сұлтан қаласында қайтыс болды. Олар - 1947, 1955, 1960 және 1955 жылдары туған ер азаматтар және 1947, 1960, 1950 және 1960 жылдары дүниеге келген әйел адамдар.

"Өлім себебін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Жалпы, Қазақстан бойынша 166 адам коронавирустан көз жұмды. Өлім-жітімнің көпшілігі Нұр-Сұлтан қаласында тіркеліп отыр. 

Айта кетсек, Қазақстанда осы күнге дейін 20 319 адам індет жұқтырды, олардың 12 738 дерттен жазылды.