Қоғам

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны 150 адамға жетті

Елде СOVID-19 жұқтырған тағы үш адам қайтыс болды: 51 және 61 жастағы екі ер адам мен 65 жастағы әйел
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым – Sputnik. Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны 150 адамға жетті, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.

Солтүстік Қазақстан облысында 1955 жылы туған әйел мен 1969 жылы туған екі ер адам, Шығыс Қазақстан облысында 1959 жылы туған ер адам қайтыс болды.

Қазақстанда СOVID-19 жұқтырғандар саны 20 319 адамға жетті, ал симптомсыз ауырғандар 14 548 адам.

Соңғы тәулікте 1 557 адамда коронавирус расталды.

Еске сала кетсек, кеше, 26 маусым күні президент өз жұмысына жаңа кіріскен денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға коронавируспен күрестің қосымша шараларын әзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ, ведомствода бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды.