Саясат

Аида Балаеваның орынбасары қызметінен босатылды

Данияр Есин ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды, оның орнына Болат Тілепов тағайындалды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 26 маусым – Sputnik. Қазақстанда ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі ауысты, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі. 

Үкіметінің қаулысымен Данияр Есин өз өтініші бойынша қызметінен босатылып, орнына Болат Тілепов тағайындалды.

Жаңа вице-министр туралы не білеміз

Болат Тілепов 1978 жылы Кентау қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін "саясаттанушы, саясаттану оқытушысы" мамандығы бойынша тәмамдаған.

2001-2005 жылдары "Стратегия" талдау орталығы" қоғамдық қорының сарапшысы, Әлеуметтік-саяси зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, Саяси технологиялар орталығының аға ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді.  Алматы қаласы әкімі аппаратының Қазақстан халқы кіші ассамблеясы меңгерушісінің міндетін атқарушы, хатшылық меңгерушісі, Алматы қаласы Ішкі саясат департаменті директорының орынбасары, Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Аида Балаеваның орынбасары қызметінен босатылды

Сондай-ақ, министр орынбасары бұған дейін Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, басшысы, премьер-Министр орынбасарының кеңесшісі, Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің кеңесшісі болды.

2019 жылдың қарашасынан бастап президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді.