Қоғам

Қазақстанда бір тәулікте коронавирустан 4 адам көз жұмды

Алматыда үш және Ақмола облысында бір адам коронавирустан қайтыс болды. Жасы ең үлкені - 62-де, кішісі 41-де
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым - Sputnik. Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандар саны 140 адамға жетті. Бейсенбі күні тағы төрт адамның қайтыс болғаны хабарланды.

Ақмола облысында 1971 жылы туған ер адам көз жұмды. Алматыда 3 адам дерттен айықпады. 1958, 1977 жылы туған екі әйел мен 1979 жылы туған ер адам қайтыс болды.

Коронавирустан көз жұму жағдайын зерттейтін комиссия төрт жағдайды да коронавирустан қайтыс болғандар тізіміне енгізді. 

Барлығы Қазақстанда 13 наурыздан бері 19 285 адам ковид жұқтырды, 12 048 адам жазылып шықты. Қазіргі уақытта зертханалар барша адам тапсырған тестті өңдеп үлгермей жатыр. Сондықтан көрсеткіш ресми деректен өзгеше болуы мүмкін.