АЛМАТЫ, 25 маусым — Sputnik. Қарағандыда белгісіз адамдар жол апатын әдейі ұйымдастырып, инкассатор көлігін тонады. Олар ақша мен 24 жастағы күзет агенттігі қызметкерінің қаруын ұрлаған.
Polisia.kz порталының мәліметіне сәйкес, оқиға бейсенбі күні сағат 10:40-та Складская көшесінде болған.
Екі адам "ВАЗ 2110" көлігімен "Лада Гранта" инкассатор көлігіне әдейі соқтығысқан. Бұдан соң олар ақша мен күзет агенттігі қызметкерінің қаруын ұрлады.
Оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 192-бабы 2-бөлігі ("қарақшылық") сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша 5 жыдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Мүлкі тәркіленеді.
Қазіргі уақытта өңірде "Сирена" ұстау жоспары жарияланды.