Қоғам

Экс-министрдің қызметінен неге босатылғаны белгілі болды

Елжан Біртанов денсаулығына байланысты қызметінен кету туралы өтініш берген. Ол ауруына және одан әрі емделуіне байланысты денсаулық сақтау саласын басқару қиынға соғатынын жеткізген
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым — Sputnik. Елжан Біртанов денсаулық жағдайына байланысты министр қызметінен босату туралы өтініш берді.

"Мен бүгін мемлекет басшысына мені министр қызметінен босату туралы өтініш бердім. Бұл коронавирус инфекциясын жұқтыруыммен байланысты. Жағдайды пневмония асқындырып, қосымша емді талап етіп отыр", - деп жазды Біртанов Facebook-тегі парақшасында. 

Жаңа денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды премьер-министр Асқар Мамин таныстырды. 

"Денсаулық сақтау саласына толыққанды басшылық жасау, әсіресе, эпидемиологиялық жағдайдың асқынуы жағдайында қиын болып отыр. Денсаулық сақтау министрі қызметінде күнделікті жүйелі жұмыс істеп, министрліктің барлық құрылымдарына тұрақты түрде қатаң бақылау және шұғыл басқару жұмыстары талап етіледі", - деді ол.

Жуырда Алексей Цой денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалған болатын. Оған денсаулық сақтау министрі қызметін уақытша атқару міндеті жүктелген еді.

Елжан Біртанов денсаулық сақтау министрлігін үш жарым жыл, 2017 жылдың 25 қаңтарынан бері басқарған болатын.