Әлем

Россотрудничествоны белгілі дипломаттың немересі басқаратын болды

Россотрудничествоның жаңа басшысы агенттіктің беделін арттырып, қордаланған мәселелерді шешетінін мәлімдеді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым - Sputnik. Россотрудничествоны белгілі дипломаттың немересі, журналист Евгений Примаков басқаратын болды. 

"Агенттікте бірқатар проблема бар. Беделін арттыру керек. Мен бұл мәселелерді қалай шешуге болатынын түсінгендіктен, осы қызметке келістім", - деді Sputnik-ке Евгений Примаков. 

Оның айтуынша, жоспарды басшылықпен талқылаған. 

"Агенттікте өзгеріс болады. Алайда жоспарды жариялауға дайын емеспін", - деді Евгений Примаков.