Қоғам

Қазақстан-Қытай шекарасы неге жабылатыны белгілі болды

Қытайдағы мейрамға байланысты көрші ел тарапы Қазақстанмен өткізу бекеттерін жабатынын хабарлап отыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. 25 маусымда Қазақстан-Қытай шекарасы бір күнге жабылады, деп хабарлады "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

"25 маусымда Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу бекеттері жұмысын уақытша тоқтатады. Қытайдағы мейрамға байланысты көрші ел осындай шешім қабылдады", - деп жазылған сайтта.

Шекарадан адамдар мен жүк көліктері 26 маусымнан бастап өткізіле бастайды.

Қазақстанда карантиндік шектеулерге байланысты мемлекеттік шекараны кесіп өтуге өзгеріс енгізген.

2020 жылдың 25 маусымында Қытайда айдаһар қайықтар мерекесі аталып өтеді. Бұл күн көрші елде демалыс болады.