Қоғам

Мобильді ПЦР-зертханалар неге жұмысын жандандыра алмай отыр?

Қазіргі уақытта орталық ПЦР-тест жүргізіп жатқан жоқ. Оған қажетті реагенттердің дер кезінде жеткізілмеуі себеп
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. Алматыдағы COVID-19 -ды анықтайтын мобильді скрининг орталығы маусым айының соңына дейін жұмысын жандандырады.

Клиника басшылығы қажетті реагенттер мен тест материалдары Кореядан импортталатынын айтып отыр. 

Қазіргі уақытта тест жиі жасалғандықтан, реагент тапшы. Осыған байланысты орталық 19 маусымға дейін жұмысын тоқтатты.

"Осы аптаның соңына дейін барлық тапсырысымызды алуды жоспарлап отырмыз. Айдың соңына дейін жұмыс жанданады деп ойлаймыз", -  деді Medical Partners Korea клиникалық орталығының бас директоры Мин Хисук.

Компаниядағылар Корея мен Қазақстан арасында қазіргі уақытта аптасына бір рейс бар екенін жеткізді. Ол рейс көп жағдайда белгісіз себептерге байланысты болмай қалады.

Айта кетсек, пандемия басталғалы Қазақстанда миллионнан астам тест жасалған. Коронавирус сынамасын 56 зертхана жасайды.

Алматыдағы мобильді орталық мамыр айының басында жұмысқа кіріскен болатын.