Саясат

Тоқаев Путиннің Екінші дүниежүзілік соғыс туралы мақаласын жоғары бағалады

Мәскеудегі Жеңістің 75 жылдығына арналған парадтың алдында Қазақстан мен Ресей басшылары кездесті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысы Владимир Путиннің "Ұлы Жеңістің 75 жылдығы: тарих пен болашақ алдындағы ортақ жауапкершілік" атты мақаласына қатысты пікір білдірді.

"Сізді тамаша әрі өте терең жазылған мақалаңыз үшін құттықтағым келіп отыр. Стилистика бойынша өте жеңіл оқылады",  - деді Тоқаев Жеңіс парадының алдында Путинмен болған кездесуде.

Владимир Путин болса, мақаланы жазғанда тарихи құжаттарға қатты қызыққанын жеткізді.

"Ұлы Жеңістің 75 жылдығы: тарих пен болашақ алдындағы ортақ жауапкершілік" атты мақала АҚШ-тың National Interest басылымында да жарияланған болатын. Мақаланы мына жерден оқуға болады.  

Тоқаев Путиннің Екінші дүниежүзілік соғыс туралы мақаласын жоғары бағалады

Айта кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңістің 75 жылдығына арналған парадқа қатысуда. Қызыл алаңмен Қазақстанның 36-шы десанттық-шабуылдаушы бригаданың әскерилері де  жүріп өтті. Оларды бригада командирі, подполковник Ұлан Нұрғазиев бастап шықты. Ал диктор қазақстандық әскерилерді "Республиканың Қарулы Күштерінің үздік құрылымы" деп таныстырды.

Мерекелік топ Қызыл алаңмен жүріп өткенде мінберде отырған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тұрып, қазақстандық әскерилерге құрмет көрсетті.