Әлем

Қырғызстан президенті Мәскеуге ұшып барғанымен Жеңіс парадына қатысқан жоқ

Жээнбековпен бірге жүретін екі адамнан коронавирус инфекциясы табылғандықтан, ол Жеңістің 75 жылдығына арналған іс-шараларға қатысудан бас тартқан
Sputnik

АЛМАТЫ, 24 маусым – Sputnik. Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Мәскеуде өткен Жеңіс шеруіне қатысқан жоқ. Оның жанында жүрген екі адамнан коронавирус инфекциясы табылды. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Қырғызстан хабарлады.

Республика делегациясының мүшелері Мәскеуге ұшып барған соң, бірден COVID-19-ға тест тапсырды. Жээнбековпен бірге жүретін екі адамнан коронавирус инфекциясы табылды.

Сол себепті президент Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығына арналған іс-шараларға қатысудан бас тартты.

Мерекелік шаралар басталмас бұрын Тоқаев Владимир Путинмен кездесіп, Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысты жазған мақаласынан алған әсерімен бөлісті.

Содан кейін, Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңістің 75 жылдығын атап өту құрметіне арналған әскери парадқа қатысты.

Оқи отырыңыз: Жеңіс парады: Тоқаев қазақстандық әскерилерге құрмет көрсетті - видео

Айта кетейік, парадқа қатысу үшін Абхазия президенті Аслан Бжания, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков, Молдова президенті Игорь Додон, Сербия президенті Александр Вучич, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев, Оңтүстік Осетия президенті Анатолий Бибилов, Сербия президенті Милорад Додик Ресей астанасына келді.