Жеңіс парадына екі құпия техника шығарылады  

Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадта жаңадан шығарылған қару-жарақ пен техника шығарылады. Соның ішінде қашықтан миналау мен минаны алып тастаудың озық жүйелері бар. Олар - "Земледелие" мен "Листва" 
Sputnik

Біреуі 15 шақырым қашықтықта минаның жатқан жерін дәл тапса, екіншісі жоғары дәлдігі бар сәуле арқылы қарсыластың жарылғыш құрылғыларын істен шығара алады. Осылайша, жауды алыстан тоқтатуға мүмкіндік бар.

"Земледелие"-нің дәл соққысы

Бүгінде миналы-жарылғыш бөгеттерді қорғаныста және шабуылда кеңінен қолданады. Соның арқасында жаяу әскердің қозғалысын тежеп, мобиьлді топтарды ұстап тұруға болады. Бұдан бөлек, әуе десанты қонатын жерге мина салып қояды. Коммуникацияларды бұзады. Өз әскердің қапталдарын да күшейтуге мүмкіндік бар. Ондайда мина салудың жылдамдығы мен дәлдігі аса қажет.

Негізі, қазіргі кезде командир шешім қабылдаған сәттен бастап 10 минуттың ішінде қашықтан мина салуға болады. Бұл миналы-жарылғыш бөгеттерді орнатудың ең қаупсіз әрі жылдам тәсілі болып саналады. "КамАз" (8х8) автомобилі негізінде жасалған "Земледелие" атты  қашықтан мина салудың инженерлік жүйесі дәл осы мақсатқа арналған.

"Земледелие" – 50 оқпаны бар қондырғы. Онымен дүркіндетіп атуға болады. Ал 122-миллиметрлік снарядтарда жаяу әскер мен танкілерге қарсы миналар бар. Заманауи оқ-дәрілер халықаралық келісімдерге толығымен сәйкес келеді және өзін-өзі жоя алады. Осылайша, уақытша миналы-жарылғыш бөгеттерді де орнатуға мүмкіндік бар.

Жеңіс парадына екі құпия техника шығарылады  

Әскери қондырғы минаны 5-15 шақырым қашықтықта шаша алады. Ал спутниктік навигация мен автоматандырылған басқару жүйесінің арқасында әрбір мина тура өз орнына түседі. Автономды метеостанция желдің жылдамдығын өлшеп, координатты түзетіп отырады. Оқтаушы машина үнемі жанында жүреді. Екеуінің кабинасы құрышпен қапталған.

2020 жылы қашықтан мина салудың инженерлік жүйесі Ресейдің қорғаныс министрлігіне жеткізіледі. "Техмаш" сатып алынған машиналардың нақты санын және келісімшарттың сомасын жариялаған жоқ. Жалпы, "Сплав" ғылыми-өндірістік бірлестігінің өніміне қатысты мәлімет аз. "Земледелие" қондырғысына қатысты ақпарат алғаш рет "Армия-2016" халықаралық әскери-техникалық форумында таратылған болатын. Ал әскери техниканың суреті тек маусым айында ғана жарияланды.

"Листва"-ның артықшылығы неде?

Ресейде радиоэлектронды қару-жарақтар кеңінен қолданылады. Солардың бірі - "Листва" атты қашықтан мина алып тастау машинасы. Осы техника 100 метр шалғай жерде жатқан миналар мен фугастарды анықтап, қашықтықтан жоя алады. Оны стратегиялық мақсаттағы зымыран әскерлері сынақтан өткізді.

"Листва" зымыран әскерлеріне осыдан үш жыл бұрын берілген. Алайда Жеңіс парадына оны алғаш рет шығарады. Бұл – құпия кешендердің бірі. Себебі ол құрлықаралық баллистикалық зымырандарды іске қосудың мобильді қондырғылары жүретін жолды жарылғыш заттардан тазартып отырады.

Брондалған автомобильде жоғары жиілікпен сәуле түсіретін блок бар. Ол зымыран кешенінің алдында жүріп, ұялы байланыс сигналдарының үлгісін жасайды да, радиомен басқарылатын миналар мен фугастарды жарып отырады. Машина металл элементтері бар миналы-жарылғыш құрылғыларын да анықтайды. Сондай-ақ, электронды компонеттері бар инженерлік оқ-дәріні және қолдан жасалған жарылғыш заттарды жоя алады. Бұрын ондай технология болмаған. Бүгінде зымыран әскерінде "Листваның" 150 машинасы бар.

Жеңіс парадына екі құпия техника шығарылады  

Брондалған машинаның төбесінде параболалық антенна орнатылған. Ол аса қатты сәулелендіру арқылы минаны істен шығарып отырады. Ал экипаж үшін арнайы костюмдер жасалды. Әрбір костюмнің ішінде металл жіптер бар. Олар экипаж мүшелерін электронды сәуелелендіруден қорғайды.

"Листва" машинасының толық сипаттамасын құпияда ұстап отыр. Алайда ашық ақпарат көздері бойынша осы машина сағатына 15 шақырым жылдамдықпен жүріп, 100 метр қашықтықта минаны анықтай алады. Оның жобасын "Глобус" конструкторлық бюросы жасаған. Ал өндіруші кәсіпорын - "Каскад" зауыты.

Негізі, радиоэлектронды қару танктің мұнарасындағы снарядты да қашықтан жарып жібере алады, оқтау автоматикасын істен шығаруға да күші жетеді. Ондай қондырғылар дәстүрлі оқ-дәрісіз қарсыластың әскери техникасын тоқтатады. Ал жылжымалы электромагниттік сәулелендіру генераторлары ондаған шақырым шалғай жерде тұрған элекронды техниканы істен шығара алады. Импульс микросхеманы кәдімгідей жағып жібереді.

Сонымен, 100 метр қашықтықта жоғары дәлдікпен сәуле түсіру жүйесі бар. Қазіргі кезде одан да мықты техника – "Гвидон" атты қашықтан мина алып тастау машинасы сынақтан өтіп жатыр.