НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым - Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге жұмыс сапарымен барды, деп жазды президенттің баспасөз хатшысы.
"Ертең, яғни, 24 маусым күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 13:00-де Қызыл алаңда Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысады. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев "Белгісіз солдат" қабіріне гүл шоғын қояды және Жеңістің 75 жылдығына арналған салтанатты қабылдауға қатысады", - деді Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.
Оның айтуынша, қазіргі эпидемиологиялық ахуалға байланысты Мәскеу сапарының алдында президент жоспарлы түрде коронавирусқа тест тапсырды.
Уәли президенттің бұған дейін де медициналық хаттамаға сәйкес, үнемі тексеруден өтіп отырғанын айтты.