НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Елімізде өткен тәулікте 499 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталды. Ал республика бойынша олардың саны 18 231 адамға жетті, деп хабарлады ведомствоаралық комиссия.
"Қазақстанда өткен тәулікте 499 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Өсім 2,8% құрады", - делінген хабарламада.
Қалалар мен өңірлер бойынша:
- Шымкент қаласы - 61 (4,7%)
- Нұр-Сұлтан қаласы - 59 (1,8%)
- Қарағанды облысы - 53 (2,8%)
- Алматы қаласы - 39 (1,2%)
- Атырау облысы - 35 (2,4%)
- Қостанай облысы - 33 (10,2%)
- Шығыс Қазақстан облысы - 31 (7,2%)
- Батыс Қазақстан облысы - 29 (2,5%)
- Ақтөбе облысы - 25 (4,0%)
- Түркістан облысы - 22 (3,7%)
- Солтүстік Қазақстан облысы - 21 (9,3%)
- Ақмола облысы - 21 (6,4%)
- Павлодар облысы - 21 (4,2%)
- Қызылорда облысы - 17 (3,1%)
- Жамбыл облысы -16 (2,7%)
- Алматы облысы - 14 (2,4%)
- Маңғыстау облысы - 2 (0,5%).
Сондай-ақ, ведомствоаралық комиссия дерегі бойынша өткен тәулікте 816 адам ауру белгісі жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелген. Олардың жалпы саны 10 625-ке жетті.
Қалалар мен өңірлер бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 1144 (+58)
- Алматы қаласы - 1274 (+49)
- Шымкент қаласы - 1027 (+55)
- Ақмола облысы - 302 (+41)
- Ақтөбе облысы - 345 (+38)
- Алматы облысы - 721 (+85)
- Атырау облысы - 1186 (+125)
- Шығыс Қазақстан облысы - 316 (+10)
- Жамбыл облысы - 344 (+56)
- Батыс Қазақстан облысы - 705 (+44)
- Қарағанды облысы - 1526 (+84)
- Қостанай облысы - 243 (+62)
- Қызылорда облысы - 288 (+40)
- Маңғыстау облысы - 300 (+5)
- Павлодар облысы - 136 (+14)
- Солтүстік Қазақстан облысы - 296 (+25)
- Түркістан облысы - 472 (+25).
Айта кетейік, Қазақстанда 11 158 адам коронавирустан жазылып шықты. 127 науқас көз жұмды.