Әлем

Балқаш радиолокациялық станциясын қолдану туралы келісім өзгерді

Балқаш радиолокациялық станциясы ракеталық шабуылдардың алдын алу үшін қолданылған. Қазіргі уақытта Ресей мұндай өзге станция жасап отыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым - Sputnik. Ресей үкіметі Балқаш радиолокациялық станциясын қолдану туралы келісімді денонсациялауды мақұлдады. Тиісті қаулы құқықтық ақпарат порталында жарияланған.

"2014 жылдың 2 желтоқсанында Мәскеуде Ресей мен Қазақстан үкіметтері арасында қол қойылған келісімді денонсациялау жөніндегі ұсыныс мақұлданды. Балқаш радиолокациялық станциясы ракеталық шабуылдардың алдын алу үшін қолданылған", - деп жазылған Ресейдің премьер-министрі Михаил Мишустин қол қойған құжатта.

Келісімді денонсациялау туралы заң жобасы мемлекеттік думаға енгізілген.

Балқаш радиолокациялық станциясы Қазақстандағы Балқаш көлінің жағалауында орналасқан. Ол ракеталық шабуылдардың алдын алу және ғарыш жерсеріктеріне мониторинг жасау үшін қолданылды. Қазіргі уақытта Ресей бұл станцияға балама болатын жаңа "Воронеж-М" станциясын құрастырып жатыр.

Ол станса Орск қаласында орналасады.