Қоғам

Тәулік ішінде инфекция жұқтырғандар саны 500-ден асты

Қазақстанда 10 897 адам аурудан айығып шықты, 120 науқас коронавирус індеті салдарынан көз жұмды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 507 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды. Ал республика бойынша олардың саны 17 137 адамға жетті, деп хабарлады ведомствоаралық комиссия.

Өсім 2,9% құрады.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 103 (3,2%)
  • Қарағанды облысы - 58 (3,2%)
  • Атырау облысы - 38 (2,7%)
  • Шығыс Қазақстан облысы - 34 (8,6%)
  • Қостанай облысы - 33 (11,3%)
  • Батыс Қазақстан облысы - 32 (2,8%)
  • Алматы қаласы - 32 (1,0%)
  • Павлодар облысы - 31 (6,6%)
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 27 (13,6%)
  • Ақмола облысы - 22 (7,2%)
  • Шымкент қаласы - 19 (1,5%)
  • Түркістан облысы - 19 (3,3)
  • Ақтөбе облысы - 18 (3,0%)
  • Маңғыстау облысы - 15 (3,6%)
  • Алматы облысы - 10 (1,7%)
  • Жамбыл облысы - 9 (1,5%)
  • Қызылорда облысы - 7 (1,3%).

Сондай-ақ, ведомствоаралық комиссия дерегі бойынша өткен тәулікте 964 адам ауру белгісі жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелген. Олардың жалпы саны 9 809-ға жетті.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 1086 (+63)
  • Алматы қаласы - 1225 (+80)
  • Шымкент қаласы - 972 (+86)
  • Ақмола облысы - 261 (+42)
  • Ақтөбе облысы - 307 (+19)
  • Алматы облысы - 636 (+58)
  • Атырау облысы - 1061 (+137)
  • Шығыс Қазақстан облысы - 306 (+20)
  • Жамбыл облысы - 288 (+56)
  • Батыс Қазақстан облысы - 661 (+85)
  • Қарағанды облысы - 1442 (+140)
  • Қостанай облысы - 181 (+23)
  • Қызылорда облысы - 248 (+17)
  • Маңғыстау облысы - 295 (+35)
  • Павлодар облысы - 122 (+12)
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 271 (+65)
  • Түркістан облысы - 447 (+26).

Айта кетейік, Қазақстанда 10 897 адам коронавирустан жазылып шықты. 120 науқас көз жұмды.