Қоғам

Тимур Құлыбаевтың анасы қайтыс болды

Тимур Құлыбаевтың анасы Раиса Алдабергенқызы 1938 жылы дүниеге келген, ұлттық олимпиада комитеті бизнесменнің қайғысына ортақтасты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Қазақстандық бизнесмен, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаевтың анасы өмірден озды.

Суыт хабар Қазақстан ұлттық олимпиада комитетінің сайтында жарияланды.

"Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті Тимур Құлыбаевқа анасы Раиса Алдабергенқызы Құлыбаеваның өмірден өтуіне байланысты қайғырып көңіл айтады", - делінген хабарламада.

Раиса Алдабергенқызы 1938 жылы дүниеге келген.

Ұлттық олимпиада комитеті Құлыбаевтың анасы жүрегі мейірімге толы, ақжарқын адам болғанын атап өтті.

"Өмірдегі ең асыл адам – аяулы ананы жоғалту ешкімге де оңай соқпайды. Осындай қиын сәтте сіздің қайғыңызға ортақтасып, қолдау көрсеткіміз келеді. Анаңыз жайлы жарқын естеліктер мен онымен бірге өткізген сәттеріңіз әрқашан жүрек төрінде болары анық. Олимпиадалық отбасы сіздің жанұяңыздағы ауыр қазаға ортақтасады", - деді комитеттен.  

Тағы оқыңыз: Назарбаевтың құдасы қайтыс болды

Былтыр қыркүйекте Тимур Құлыбаевтың ағасы, бизнесмен Аманбек Құлыбаев қайтыс болғаны хабарланған еді.

Тимур Құлыбаев – қазақстандық бизнесмен, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы, Қазақстанның ұлттық олимпиада комитетінің президенті, Kazenergy мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының төрағасы.

Айта кетсек, Құлыбаев –  тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы қызы Динараның күйеуі. Ерлі-зайыпты үш бала тәрбиелеп отыр.