НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым — Sputnik. Беларусь елінің премьер-министрі Роман Головченко Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің үкімет басшыларына 17 шілдеде Минск қаласында кездесуді ұсынды.
"Бізде 17 шілдеде Еуразиялық үкіметаралық кеңесті ұйымдастыру жұмысы жалғасып жатыр. Ол бейнебайланыс емес, әдеттегі форматта өтеді деп ойлап отырмыз. Біз дайынбыз", - деп жазады Sputnik Беларусь Головченкоға сілтеме жасап.
Еске сала кетсек, 14 сәуірде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелерінің жұмыс отырысы өткен болатын.
Бейнебайланыс форматында өткен жиынға Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Ресей басшысы Владимир Путин, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстанның мемлекет басшысы Сооронбай Жээнбеков және Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян қатысты. 21