Қоғам

Қырық бір градусқа дейін аптап ыстық болады

Қазақстанның солтүстігінде күн күркіреп, бұршақ жауады, республиканың оңтүстігінде аптап ыстық болады, деп хабарлайды Қазгидромет метеорологтары
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Қазгидрометтің синоптиктері дүйсенбіде Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады.

Республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстікте кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Кей жерлерде жел күшейеді. Солтүстік пен шығыста кей жерлерде түнде және таңертең тұман түседі.

Дабылды ескерту

22 маусымда күндіз Түркістан облысының басым бөлігінде 41 градусқа дейін қатты ыстық болады.

Дүйсенбіде Ақмола облысында күн күркірейді, бұршақ жауады деп болжануда. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік батыстан соққан жел солтүстік шығысқа ауысады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Өрт қаупі жоғары.

Оқи отырыңыз: Биылғы жаз қандай болады - ауа райы болжамы жарияланды 

Дүйсенбі, 22 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

22 маусымда Қостанай облысында күн күркірейді, солтүстік шығыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с болады.   

Өңірлердегі ауа райы

Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында кей жерлерде найзағай ойнап, жел күшейеді – 15-20 м/с.

Жамбыл, күндіз Павлодар, Ақтөбе облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Атырау, Жамбыл, Түркістан облыстарында қатты ыстық болады деп болжанып отыр.

Атырау, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Мегаполистердегі ауа райы

  • Нұр-Сұлтанда түнде 13-15 градус жылы, күндіз 28-30 градус ыстық болады деп болжануда.
  • Алматыда түнде 15-17 градус жылы, күндіз 31-33 градус ыстық болады.
  • Шымкентте түнде 19-21 градус, күндіз 37-39 градус ыстық болады.