Қоғам

Тәулік ішінде 428 адамның індет жұқтырғаны анықталды

Соңғы деректерге сүйенсек, елімізде 10 411 адам коронавирустан жазылып шықты. 113 науқас көз жұмды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 16 799 адамға жетті, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.

"Қазақстанда өткен тәулікте 428 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Өсім 2,6% құрады", – делінген хабарламада.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 79 (2,5%)
  • Қарағанды ​​облысы - 60 (3,5%)
  • Түркістан облысы - 36 (6,9%)
  • Алматы қаласы - 34 (1,0%)
  • Шығыс Қазақстан облысы - 34 (10,2%)
  • Батыс Қазақстан облысы - 26 (2,4%)
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 26 (17,8%)
  • Шымкент қаласы - 23 (1,9%)
  • Ақмола облысы - 22 (8,4%)
  • Қостанай облысы - 20 (7,8%)
  • Жамбыл облысы - 19 (3,4%)
  • Павлодар облысы - 12 (2,7%)
  • Алматы облысы - 11 (2,0%)
  • Маңғыстау облысы - 10 (2,4%)
  • Атырау облысы - 7 (0,5%)
  • Қызылорда облысы - 7 (1,3%)
  • Ақтөбе облысы - 2 (0,3%).

Сондай-ақ, ведомствоаралық комиссия дерегі бойынша өткен тәулікте 620 адам ауру белгісі жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелген. Олардың жалпы саны 8 229-ға жетті.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 985 (+46)
  • Алматы қаласы - 1084 (+44)
  • Шымкент қаласы - 795 (+44)
  • Ақмола облысы - 176 (+28)
  • Ақтөбе облысы - 277 (+12)
  • Алматы облысы - 564 (+59)
  • Атырау облысы - 847 (+26)
  • Шығыс Қазақстан облысы - 265 (+23)
  • Жамбыл облысы - 180 (+34)
  • Батыс Қазақстан облысы - 539 (+67)
  • Қарағанды ​​облысы - 1252 (+115)
  • Қостанай облысы - 136 (+32)
  • Қызылорда облысы - 209 (+9)
  • Маңғыстау облысы - 258 (+16)
  • Павлодар облысы - 91 (+19)
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 188 (+19)
  • Түркістан облысы - 383 (+27).

Айта кетейік, Қазақстанда 10 411 адам коронавирустан жазылып шықты. 113 науқас көз жұмды