Қоғам

Елордада дезинфекция шаралары қалай жасалды – видео

Нұр-Сұлтанда сенбі, жексенбі күндері тұрғындардың жеке автокөлікпен қала аумағында қатынауына шектеу қойылып, қоғамдық көлік те тоқтатылды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. Елордада адам көп жиналатын орындарда дезинфекция жасалды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Дезенфекция саябақтар мен жағалауларда, базарлар, сауда орындары мен сауда ойын-сауық орталықтары сияқты көптеген қоғамдық орындарда жасалды.

Қалалық қызметкерлермен бірге дезинфекциялауға әскери қызметшілер мен қатар, арнайы машиналар да қатысты. 

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиеваның қаулысына сәйкес, сауда және ойын-сауық орталықтарының, базарлардың, сауда үйлерінің және басқа да адам көп жиналатын орындардың басшылары жұмыс орындарында дезинфекция жүргізуі тиіс.

Айта кетейік, 20-21 маусым аралығында қоғамдық көлік жүрмейді. Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін нысандар, тұрғын үйлердің маңында орналасқан дәріханалар мен азық-түлік дүкендерінен (жұмыс кестесі сағат 10-нан 17-ге дейін) басқа кәсіпорындардың барлығы жұмыс істемейді.

Сонымен бірге барлық қоғамдық орындар: саябақтар және басқа да адам көп жиналатын орындар жабылды.

20-21 маусымда тұрғындардың жеке автокөлікпен қала аумағында қатынауына шектеу қойылды.

Оқи отырыңыз: Тепловизор және дезинфекция түнелі:  ҰБТ тапсыру орындары қалай жабдықталады

Жұмыс орнына (қызметі рұқсат етілген жағдайда), жақын маңдағы дәріханаларға, азық-түлік дүкендеріне, медициналық қызмет алуға ғана қатынауға рұқсат етіледі.