Аңдатпа

Қазақстанда 21 маусымда қандай маңызды оқиғалар болады

Sputnik Қазақстан 21-29 маусым аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)
Sputnik

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

21 маусымға жоспарланған шаралар

10.00 – Олимпиада спортшыларының қатысуымен онлайн-марафон (Трансляция Қазақстанның ұлттық олимпиада комитетінің Instagram-дағы ресми парақшасында - @olimpickz).

22 маусымға жоспарланған шаралар

Парламент палаталарының бірлескен отырысы. Үкімет пен Есеп комитеті 2019 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп береді.

Жеңістің 75 жылдығына арналған "Победили вместе − во имя мира и созидания" ауқымды халықаралық жобасы аясында еске алу акциясы. Ұлы Отан соғысы басталған күні, Мәскеу уақытымен таңғы сағат төртте акция қатысушылары жауынгерлік мемориалдарға келіп, шам жағып, гүл шоқтарын қояды. Пандемияға байланысты шара дистанциялық форматта өтеді. Онлайн режимде көптеген мемлекеттің белгілі мәдениет қайраткерлері, қоғам өкілдері сөз сөйлейді. Қазақстаннан акцияға "Согласие" орыс мәдени орталығының белсенділері қатысады. Акцияның тікелй трансляциясы Еуразия халқы ассамблеясы, "Согласие" орыс мәдени орталығы мен Қазақстандағы Россотрудничество өкілдігінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жүргізіледі:

Сонымен қатар, қатысушылар "Свеча памяти" және "Минута молчания" акцияларына қосыла алады. Анықтама телефондары: +7 705 303-43-33, +7 777 869-43-90.

12.00 – Мемлекеттік қызметкер күні аясында "Аntikor ortalygy" сервистік орталығында брифинг өтеді. Спикерлер – Алматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Данияр Таумұрат, департамент қызметкері Алмас Шөкеев, "Алматы – адалдық алаңы" жобалық офисінің жетекшісі Александр Братенков, департамент басқармасының басшысы Елнар Игіліков. Шара барысында осы жылдың бес айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыс туралы ақпарат беріледі (Аккредитация үшін мына нөмірлерге хабарласу қажет: +7 707 280 29 23, +7 701 202 29 99).

24 маусымға жоспарланған шаралар

14.30 - Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың халыққа есеп беру кездесуі. Кездесу онлайн режимінде өтеді. Есеп беру кездесуінің бағдарламасы: 14.30-дан 16.00-ге дейін – министр баяндама жасайды және азаматтар мен БАҚ-тың сұрақтары үшін "қауырт" желі жұмыс істейді, Орталық коммуникациялар қызметі мен министрліктің Facebook және YouTube-тегі ресми парақшаларында көрсетіледі. 16.20-дан 17.00-ге дейін – "Хабар 24" телеарнасында брифинг. Анықтама телефоны: 8 701 701 01 34.

29 маусымға жоспарланған шаралар

11.00 – Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның халық алдында есеп беру кездесуі. Кездесу онлайн режимінде өтеді, сұрақтарды министрдің "Ашық диалог" порталындағы блогына; министрліктің сайтына (сұрақ-жауап бөлімі); +7 777 893 69 21 WhatsApp нөміріне жіберуге болады. Бұл іс-шараның трансляциясы ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, "ҚазАқпарат" ХАА интернет-ресурстарында жасалады.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.