ПЕТРОПАВЛ, 19 маусым – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында спорт мектептерінің бірінің есепшісі өзінің карта шотына 24 миллион теңгеге жуық бюджет қаражатын аударған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 23 миллион 781 мың 833 теңге (58,7 мың доллар) көлеміндегі қаражатты өзінің карта шотына аудару арқылы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен облыстық спорт мектептерінің бірінің есепшісіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
Оқи отырыңыз: Әскери институттың есепшісі 28 миллион теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқырған
"Бұл ақша жалақы мен басқа шығындарды (іссапар, спортшылардың оқу-жаттығу жиындары) төлеуге арналған. Іс материалдары күдікті мен оның адвокаттарына танысуға берілді", - деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
Түпкілікті шешімді күдіктінің кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, сот қабылдайды.