НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым— Sputnik. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өзін-өзі оқшаулау режимінен шықты. ПТР-зерттеу нәтижесі екі рет теріс нәтиже көрсетті, деп хабарлады өңір әкімі аппараты басшысының орынбасары Қанат Құлшманов.
"Жұма, 19 маусым күні Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев коронавирус инфекциясын диагностикалау хаттамасына сәйкес 7 күн мерзім өткеннен кейін өзін-өзі оқшаулау режимінен шықты. COVID - 19-ға қайта алынған ПТР-зерттеу нәтижесі екі рет теріс нәтиже көрсетті", - деп жазды Құлшманов.
Облыс әкімі кестеге сәйкес жұмысын жалғастырып жатыр, деп нақтылады ол.
Оқи отырыңыз: Денсаулық министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырды
Жамбыл облысының басшысы Бердібек Сапарбаев коронавирустан емделіп жатқан денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен қарым-қатынас жасағандықтан, оқшаулануға мәжбүр болған еді.
Сондай-ақ, Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин, білім министрі Асхат Аймағамбетов, ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев өзін-өзі оқшаулау режимінен шықты.