Экономика

Құлыбаев Тоқаевқа бизнестің карантиннен зардап шеккен салалары туралы айтты

Құлыбаев президентке жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі бірыңғай ахуалдық орталық ашу туралы ұсынысты жеткізді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бейне байланыс арқылы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы Тимур Құлыбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Құлыбаев мемлекет басшысына кәсіпкерліктің төтенше жағдай режимі және карантин шектеулерінен кейінгі жағдайы туралы айтты.

Сонымен қатар, ол бизнестің зардап шеккен салаларының түйткілді мәселелерін талқылау бойынша жұмыс кездесулердің өткенін айтып, оның алдын ала қорытындысы туралы ақпарат берді. "Атамекен" ҰКП бастамасы бойынша бизнес-қоғамдастықтың өкілдерімен өткен бірлескен кездесулерге премьер-министр, үкімет мүшелері, облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері қатысты.

Тағы оқыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаевтың денсаулығына қатысты ақпарат жарияланды

Президентке жұмыспен қамту және қолдау шараларының тиімділігіне қатысты кәсіпкерлер арасында жүргізілген сауалнамалардың қорытындысы туралы да баяндалды. Аталған сауалнамаларға 65 мыңға жуық бизнес субъектісі қатысқан.

Бұдан бөлек, Тоқаевқа үкімет, жергілікті атқарушы органдар мен "Атамекен" ҰКП-ның бірлесіп, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі бірыңғай ахуалдық орталық ашу туралы ұсыныс айтылды.