Қоғам

Коронавирустан көз жұмғандар саны 100-ге жетті

Елімізде коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандардың ең көп саны Нұр-Сұлтан мен Алматы және Шымкент қаласында тіркелді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Қазақстанда коронавирус індеті салдарынан тағы үш адам көз жұмды, деп хабарлайды жедел штаб.

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустан үш науқас қайтыс болды. Оның екеуі 1946 және 1952 жылы туған әйелдер болса, біреуі 1963 жылы дүниеге келген ер азамат.

"Өлім себебін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Қазақстан бойынша коронавирус инфекциясынан барлығы 100 адам қайтыс болды:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 24
  • Алматы қаласы – 15
  • Шымкент қаласы – 12
  • Ақмола облысы – 6
  • Ақтөбе облысы – 1
  • Атырау облысы – 3
  • Шығыс Қазақстан облысы – 1
  • Жамбыл облысы – 1
  • Батыс Қазақстан облысы – 6
  • Қарағанды облысы – 9
  • Қостанай облысы – 2
  • Маңғыстау облысы – 2
  • Павлодар облысы – 13
  • Түркістан облысы – 5.

Айта кетейік, қазіргі уақытта республика бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 15 877 адамға жетіп, 9 902 науқас аурудан айығып шықты.