Алматылықтардың кейбірі жазда шетелге шықпай-ақ, елімізде демалуға болады десе, енді бірі әзірге жоспар құрып отырған жоқ.
"Жыл сайын балалармен бірге демалуға шетелге барушы едік. Биыл енді коронавирусқа байланысты жабылған барлық бағыттың ашылуын күтеміз. Шымкенттегі Манкент шипажайына барармыз, болмаса үйде кішкене демалып, немерені қарап отырамыз", - дейді тұрғындардың бірі.
Кей тұрғын карантинге байланысты ақшасының таусылғанын айтып, ауылда демалуды жоспарлап отыр.
"Covid-19 пандемиясына байланысты ертең не болары белгісіз. Түркияға рейстер бола ма, болмай ма, Алматыны карантинге қайта жаба ма, жоқ па – әлі белгісіз. Осындай жағдайда шетелге шығуға ешқандай жоспарым жоқ. Барып жатсам, тек ауылға барамын. Ол жерде адам аз, әрі жақын адамдармен бірге боламын. Карантиннен соң елде ақша таусылды, содан кейін коронавирустан да қорқып жатырмыз", - дейді тағы бірі.
Толығырақ Sputnik Қазақстан видеосынан көріңіз.