Әлем

Ресейде жаңа әскери кеме сынақтан өтті

Ресейде кеме жасау өнеркәсібі жанданып келеді. Оған НАТО-ның белсенділігі де өз септігін тигізуде. Бүгінде 22350 жобасына кіретін зымыран кемелерінің құрылысы жүріп жатыр. Біреуі сынақтан сәтті өтті
Sputnik

"Флот адмиралы Касатонов" атты сериялық фрегат Солтүстік және Балтық флоттарында сынақтан өтіп, шілденің басында Ресейдің әскери-теңіз күштеріне тапсырылады деген жоспар бар.

Ресей Қазақстандағы полигонда жаңа зымыранды сынақтан өткізді – видео
Фрегат "Оникс" пен "Калибр-НК" зымырандарының 16 данасын алып жүре алады. Бұдан бөлек, әскери кемеде "Редут" зениттік зымыран кешені, 130-миллиметрлік артиллериялық қондырғы, "Пакет-НК" атты қайыққа қарсы соққы жасау кешені және "Ка-27" тікұшағы бар. Корпус арнайы технологиямен қапталған. Соның арқасында радиолокациялық жүйемен кемені бірден анықтау оңай емес.

"Флот адмиралы Касатонов" фрегаты – әмбебап әскери кеме. Ол кемелер мен сүңгуір қайықтарды анықтап, жоя алады. Әуе, зымыран мен қайыққа қарсы корғанысты қамтамасыз етеді. Теңіз десантымен бірлесіп, азаматтық кемелер мен өндірістік нысандарды қорғай алады. Ұзындығы – 135 метр, ені – 16 метр. Жүзу қашықтығы - 4500 миля. Экипаж – 170 адам.

Фрегатты сынақтан өткізу кезінде оның барлық технологиясы тексерілді. Оқу-жаттығу кезінде оған қарсы топеда да атылды. Бірақ "Пакет-НК" кешені ол соққыға тойтарыс берді. Оған қарсы топеда атылды. Антиторпеданың жылдамдығы - сағатына 50 шақырым.

Әскери кеме жылдам салынды. Ал "М-55Р" дизельді-газтурбиналық агрегат "Сатурн" ғылыми-өндірістік бірлестіктің зауытында құрастырылған.

Украина әскери-теңіз күштері АҚШ-тан қандай қайықтар алады 

КСРО ыдырағаннан кейін технологиялық тізбек үзілген еді. Содан 22350 жобасы бойынша фрегат жасау жұмысы қиындап кеткен. Ал 2010 жылы "Кеңес одағы флотының адмиралы Горшков" атты әскери кеме суға жіберілген болатын. Ол Ресейдің 21-ші ғасырдағы алғашқы ірі фрегаты болды. Бас кезінде тура сондай 20 кеме салынады деген жоспар болған.

Мамандардың айтуынша, 22350 жобасымен салынған фрегаттың құны – 400 миллион доллар. Алайда қару-жарақтың жаңа түрлерін есепке алса, оның бағасы 500 миллион долларға дейін барып қалуы әбден мүмкін.           

Осы айдың соңында 22350 жобасы бойынша тағы екі фрегаттың құрылысы басталады деген жоспар бар. Оған "Северная верфь" кеме жасау зауыты жауапты болады.