Фото

Адамдар ғаламшарды қалай "өлтіріп" жатыр – жаға ұстатарлық 15 фото

Sputnik

Өндірістің төмендеуі біздің аядай ғана әдемі планетамызға оң әсер етті. Әдетте ғаламшар тұрғындары, яғни біз, адамдар қоршаған ортаға қастандық жасаймыз. Ғалымдар қазірдің өзінде пандемияның Жердің климатына оң әсер еткенін дәлелдеп жатыр. Мәселен, атмосфераға бөлінетін СО2 көлемі азайды, бұқаралық іс-шаралар, футбол ойындары мен концерттер, чемпионаттар кейінге қалдырылды, адамдар көлікті әдеттегіден сирек қолданатын болды, көбі үйден жұмыс істеді.

Спутниктен түсірілген фотолар бірқатар елде ластану деңгейінің айтарлықтай төмендегенін көрсетеді.

Оқи отырыңыз: "Байқоңыр" ғарыш айлағы: жұлдыздар әлеміне апарар жол – фото

Сонымен, экология тұрғысынан қарайтын болсақ, COVID-19 инфекциясының өршуінің пайдасы тиді.

Осыдан кейін адамзат қорытынды жасап, Жер ресурстарын неғұрлым ұқыпты пайдалану жағына көңіл бөледі деген үміттеміз.

1 / 15
Түтін, шаң, лас ауа. Бұл мегаполис тұрғындарына таныс жағдай. Таиланд астанасы Бангкоктағы күн сәулесі түтін арасынан көрінеді
2 / 15
Үндістанның Мумбаи қаласындағы Джуху жағажайында қоқыс тазалап жүрген 8 жастағы белсенді қыз Ливирия Кангуджам.
3 / 15
Мексика шығанағына мұнай төгілу кесірінен зардап шеккен бірқазан.
4 / 15
Жағалау эрозиясына ұшыраған Того астанасындағы тастанды қайықтар.
5 / 15
Oceans Asia экологиялық тобының негізін қалаушы Гэри Стоукс Гонконгтағы Дискавери шығанағының тұрғын ауданындағы жағажайда қорғаныс маскаларын жинап жүр.
6 / 15
АҚШ-тың Мичиган штаты Мэдисон-Хайтстағы тас жолда улы химиялық қалдықтар төгіліп жатыр.
7 / 15
Гватемаладағы Аматитланда көлдегі жаңбыр шайған қоқыстарды жинап жатыр.
8 / 15
Оңтүстік Африка Республикасының Пиланесберг қорығында аң аулауға жол бермеу үшін мүйізтұмсықтың мүйізін кесіп тастаған.
9 / 15
Түтін мен қалдық: Пәкістанның Лахор қаласындағы ағаш нарығы.
10 / 15
Мексика шығанағында мұнай төгілгеннен кейінгі жағдай.
11 / 15
Вьетнамның Виньфук провинциясында әйел күріш алаңының жанындағы қоқыс үйіндісінде шикізат жинап жүр
12 / 15
Шри-Ланканың Коломбо жағажайында волонтер қоқыс жинап жүр.
13 / 15
Австралиядағы табиғи өрттер
14 / 15
Германиядағы мұнай өңдеу зауыты мен Uniper энергетикалық компаниясының көмір электр станциясы.
15 / 15
Румынияның Бухарест қаласындағы наразылық акциясы кезінде наразылық білдіруші газқағар киіп алған.