НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым – Sputnik. Қазақстанда тағы бір адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, деп хабарлады жедел штаб.
Павлодар облысында 1942 жылы туған әйел көз жұмды.
"Өлім себебін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады", - делінген хабарламада.
Жалпы, Қазақстан бойынша коронавирус инфекциясынан барлығы 73 адам қайтыс болды:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 14
- Алматы қаласы – 10
- Шымкент қаласы – 11
- Ақмола облысы – 4
- Атырау облысы - 3
- Шығыс Қазақстан облысы - 1
- Жамбыл облысы - 1
- Батыс Қазақстан облысы - 4
- Қарағанды облысы - 7
- Қостанай облысы - 2
- Маңғыстау облысы - 2
- Павлодар облысы - 11
- Түркістан облысы - 3
Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 14 496 адам болды, 9 056, адам дерттен айықты.