Әлем

Санкт-Петербург әуежайында екі ұшақ соқтығысты

"Уральские авиалиний" әуекомпаниясына тиесілі ұшақ ұшу жолағына шығып, көкке көтерілуге дайын тұрған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым – Sputnik. Ресей әуе компанияларына тиесілі екі ұшақ Санкт-Петербургтегі Пулково әуежайында соқтығысып қалды, деп хабарлайды РИА Новости.

"Бүгін сағат 12.40-та Пулково әуежайында бұру кезінде S7 Airlines ұшағының қанаты "Уральские авиалиний" әуекомпаниясына тиесілі ұшақтың артқы бөлігін қағып кеткен", – деп мәлімдеді "Уральские авиалиний" әуекомпаниясының баспасөз қызметі. 

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Ал U6-391 рейсінің 84 жолаушысы терминалға жеткізіліп, олар қосымша бортпен жіберілетін болды. 

Оқи отырыңыз: Енді ұшақ жолаушыларынан коронавирус анықтамасы талап етілмейді