Қоғам

Қазақ күресінен әлем чемпионы Айбек Нұғымаров ауруханаға түсті - видео

Семейде бірден екі колледж директоры ауруханаға түсті, олардың бірі - көлік колледжінің директоры, қазақ күресінен үш дүркін әлем чемпионы Айбек Нұғымаров
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым – Sputnik. Қазақ күресінен үш дүркін әлем чемпионы, "Әлем барысы" турнирінің екі дүркін жеңімпазы Айбек Нұғымаров коронавирус жұқтырды, деп хабарлады Семей қаласының әкімдігі.

"COVID-19 диагнозымен аурухананың инфекциялық бөлімшесіне бірден екі колледж директоры түсті. Бірі – электртехникалық колледждің директоры Азат Сәрпеков, екіншісі – Семей көлік колледжінің директоры, қазақ күресінен үш дүркін әлем чемпионы, "Әлем барысы" турнирінің екі дүркін жеңімпазы Айбек Нұғымаров", - делінген хабарламада.

Инстаграмда жарияланған видеода Нұғымаров коронавирус індеті өзін де айналып өтпегенін айтты.

"Көріп отырғандарыңыздай, Семей қалалық инфекциялық ауруханасында жатырмыз. Осыдан бір апта бұрын ауру басталды. Қазір кімнен, қалай жұққанын біле алмай отырмыз. Бірақ, сақтандыру шараларын қолданбағанның кесірінен осылай болды", - дейді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Семей қаласы әкімдігі (@akimat.semey)

Семей қаласының әкімдігі елде және өңірде эпидемиологиялық жағдай нашарлап жатқанын айтып, тұрғындарды сақ болуға шақырды.