НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым — Sputnik. Атырауда алты жасар қыз тереңдігі екі метр шұңқырға құлап мерт болды.
Қайғылы оқиға 13 маусымда Атыраудағы жер үйлердің бірінің ауласында кешкі сағат 21:50-де болды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Баланың туыстарының айтуынша, сағат 19:50 шамасында ол аулаға ойнауға шығып кеткен. Екі сағаттан кейін қыздың денесі тереңдігі екі метр шұңқырдың ішінен табылды.
Облыстық полицияның хабарлауынша, соңғы уақытта өңірде жазатайым оқиғалар көбейіп кеткен, салдарынан үйдің ауласында қараусыз қалған балалар мерт болды.
Оқи отырыңыз: Шымкенттегі 3 жасар қыздың өлімі: кішкентай Кәусарды көршісі өлтіріп алған
Еске сала кетсек, бұған дейін Атырауда бір жарым жасар ер бала жоғалып кеткен еді. Оның мәйітін екі тәуліктен кейін септиктен тапты.