Қоғам

Тоқаев депутат Бекболат Тілеухан туралы жазба жариялады

Касым-Жомарт Токаев на совещании по программе Цифровой Казахстан, 04.03.2020
Мәжілісмен Бекболат Тілеухан Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған алғашқы парламент депутаты болды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханға коронавирустан тезірек сауығып шығуын тіледі.

"Белгілі қоғам қайраткері, қазақтың ұлттық өнерінің майталманы Бекболат Тілеуханға індеттен тезірек сауығып шығуын тілеймін. Барлық азаматтарды дерттен сақтанып, карантин талаптарына мұқият болуға шақырамын", - деп жазды президент Twitter-де.

Бекболат Тілеухан коронавирус инфекциясын жұқтырған алғашқы парламент депутаты болды. Ол өзінің Instagram парақшасында алдымен үйде емделгенін, кейін ауруханаға түскенін, қазір дәрігерлердің бақылауында екенін жазды.

Оқи отырыңыз: Коронавирус жұқтырған Бекболат Тілеуханға қатысты тың дерек шықты