НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым – Sputnik. Павлодар облысында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қайтыс болған науқас 1961 жылы туған.
Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайды коронавирус инфекциясынан көз жұмған деп тіркеуге шешім қабылдады.
Барлығы 68 адам қайтыс болды.
Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында коронавирусқа қарсы вакцина шығарылады
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан бойынша індетті 13 872 адам жұқтырып, оның 8 668-і жазылып шықты.