Әлем

Ғалымдар коронавирусқа қарсы қорғанысы күшті қан тобын анықтады

Ғалымдардың пікірінше, I топтағы қан медицина қызметкерлерінің қорғаныс қабілетінің күшті екендігін көрсеткен
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым – Sputnik. АҚШ ғалымдары адамды коронавирус инфекциясынан жақсы қорғайтын қанның тобын анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі 23andme.com сайтына сілтеме жасап.

Ғалымдар генетикалық зерттеулерін әлі аяқтаған жоқ. Алайда алдын ала қорытындыға сәйкес, адамның қан тобы да COVID-19 жұқтыру көрсеткішіне әсер етеді.

Зерттеуге 750 мыңнан астам адам қатысты. Олардың ішінде 10 мың адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Оларды зерттеу кезінде ғалымдар I топтағы қанның коронавирустан жақсы қорғайтынын анықтады.

Оның резус-факторы да қатты әсер етпейді, қорғаныс жүйесі мықты. Себебі науқастардың ішінде дәл осы санатқа кіретін адамдардың саны 9-18 процентке аз болды. I топтағы қан медицина қызметкерлерін де жақсы қорғаған.

COVID-19, көп жағдайда қаны III және IV топқа жататын адамдардан анықталған. Олардың ішінен науқастардың 1,5 проценті шықты. II топтағылардың көрсеткіші 1,4 процент болса, I топтың арасында вирусқа шалдыққандардың саны 1,3 процент болған.

Бұдан бөлек, ғалымдар науқастармен тікелей жұмыс істеген мамандардың арасында коронавирус инфекциясын анықтау көрсеткіштерін зерделеп шықты. Олардың ішінде дәрігерлер, медбикелер және тағы басқа мамандар бар. Барлығын қан тобының санатына қарай қарастырды.

Оқи отырыңыз: Қаны сирек кездеседі: қазақ жігіті қытайларға қалай көмектесіп жүр

Осылайша, IV топ иелері арасында мамандардың COVID-19 жұқтыру көрсеткіші 4,1 процентті құраса, III топта – 4 процент, II топта – 3,9 процент, ал I топтағы мамандар ішінен науқастардың 3,2 проценті шыққан.