НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым – Sputnik. Қазақстанда коронавирустан жазылып шыққан адамдардың саны 8,5 мыңнан асты.
Оқи отырыңыз: Қарағанды облысында карантин күшейтіледі
Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы тағы 131 адам коронавирус індетінен емделіп шыққанын хабарлады.
- Нұр-Сұлтан қаласы - 22,
- Алматы қаласы - 30,
- Шымкент қаласы - 1,
- Шығыс Қазақстан облысы - 8,
- Қарағанды облысы - 19,
- Қызылорда облысы - 31,
- Қостанай облысы - 2,
- Батыс Қазақстан облысы - 13,
- Павлодар облысы - 1,
- Маңғыстау облысы - 4.
Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 8531. Соңғы мәлімет бойынша індетті 13558 адам жұқтырып, оның 67-сі қайтыс болды.